Биыл Қазақстаннан 800-ден астам шетел азаматы шығарылды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, олардың дені елімізге жұмыс істеуге келген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда елде болу тәртібі мен еңбек ету талаптарын сақтамаған. Астанадағы теміржол вокзалында көші-қон заңнамасын бұзған 3 шетелдік анықталды. Жасы 22 мен 33 аралығындағы азаматтар елордада тиісті құжаттарсыз жұмыс істеген. Сот олардың үшеуін де Қазақстан аумағынан шығаруға қаулы етті. Жыл басынан бері көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 3 мың 43 шетелдікті әкімшілік жауапқа тартқан. Тәртіп сақшылары елге келген азаматтар белгіленген мерзімде тіркеліп, еңбек етуге қажетті құжаттарын рәсімдеуі тиіс екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды