Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

Соттың санкциясымен Қанат Ниязбеков уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды. Соттың санкциясымен Қанат Ниязбеков уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 1-дәрежелі капитан қызметіне салғырт қараған. Бұл дерек Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында белгілі болған. Сотқа дейінгі тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілген. Онда мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметін асыра пайдалану, сондай-ақ, басқа да заңсыздықтарға қатысты 13 қылмыстық істің қозғалғаны жөнінде айтылды.

Оқи отырыңыз: Паспортты онлайн жаңарту қызметі іске қосылуы мүмкін