Биыл Қазақстанда ЖОО-ға түсу үшін 93 мың грант бөлінеді

24.07.2025 11:22

Оларды қолдауға 18,4 млрд теңге бөлінді

Baim Hanif//unsplash.com/

Биыл мектеп бітірген түлектер үшін үкімет 93 мың грант бөлген. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол гранттан бұрын үкіметтің әлеуметтік міндеттері туралы есеп бере келе, жыл басынан бері еліміз бойынша 13 мың орындық 172 балабақша ашылғанын хабарлады.

«Еліміз бойынша 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ішеді. Олардың ішінде әлеуметтік осал топтардан 99 мың бала бар. Оларды қолдауға 18,4 млрд теңге бөлінді», - деп хабарлады Көшербаев.

Оның мәліметіне сүйенсек, соңғы екі жылда 388 мың орындық 274 жаңа мектеп ашылды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында - 115 мектеп бар.

Оқи отырыңыз: Қатты желдің салдарынан бес адам Каспийге батып кете жаздады