Биыл Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өте ме

08.04.2026 17:37

Бұл сауалға Қорғаныс министрлігі жауап берді 

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери шеру өтпейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі жеткізді, - деп хабарлайды Almaty.tv. 

"Биыл әскери шеру өткізу жоспарланбайды. Дегенмен 7 мамыр қарсаңында бірқатар әскери-патриоттық іс-шара басталады. Республика бойынша ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді құрметтеу, экологиялық акциялар өтеді. Сондай-ақ әскери оркестрлер шеруі мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі жоспарланған", — деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі, «Сарбаз ботқасы» науқаны мен ашық есік күндері ұйымдастырылмақ.

Аталған іс-шаралар 10 мамырға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Қарулы күштерді құру туралы № 745 Жарлығы жарияланды. Жарлықта отандық қарулы күшті қалыптастырып, ол үшін тиісті жағдай жасау керектігі айтылған. Бұл — ел тыныштығын қорғап, бейбітшілікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілерді құттықтап, құрмет көрсететін күн.

Оқи отырыңыз: Алматы - Шанхай: бизнес форум мерекелік концертке ұласты