Биылғы ҰБТ мерзіміне түзету енгізілді

Nguyen Dang Hoang Nhu/unsplash.com/
Nguyen Dang Hoang Nhu/unsplash.com/

Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндеріне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

"Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" — делінген орталықтың хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Павлодарда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдік ұсталды

Новости партнеров