Біз батырлар ұрпағымыз: Алматыда диалог алаңы өтті

Ботагоз Жокенкызы

Жоба екі кезеңнен тұрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қоғамдық даму орталығының бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Біз батырлар ұрпағымыз» патриоттық жобасы аясында диалог алаңы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біз батырлар ұрпағымыз» атты патриоттық кездесудің шымылдығы Сейдолла Бәйтерековтің жүрек тебірентер «Әлия» әнімен ашылды. Артынша экраннан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи ақиқатқа негізделген деректі бейнеролик көрсетілді. Онда Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері, кеңестік жауынгерлердің майдандағы жанқиярлық ерлігі көрініс тапты.

Айта кетейік, бұл жоба екі кезеңнен тұрады. Оның алғашқы кезеңінде 8 бен 10-сынып оқушылары арасында әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылған. Ал бүгінгі диалог алаңы – екінші кезеңнің басты бөлігі.

«Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қоғамдық даму орталығы жеңістің 80 жылдығына арналған «Біз батырлар ұрпағымыз» жобасы екі кезеңде өткізілді. Соғыс ардагерлерінің ұрпақтарын шақырып, сұқбат өткізіп жатырмыз. Мақсат – жастардың патриоттық рухын көтеру және тарихты ұмытпау», – деді Қоғамдық даму басқармасы қоғамдық даму орталығының жетекші маманы Майя Бақтыбекқызы.

Жиын барысында ардагерлердің ұрпақтары да сөз алып, ата-бабаларының жаужүрек ерлігін тебірене еске алды. Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова 316-атқыштар дивизиясын басқарған атасының соғыс жолы туралы тың естеліктерін бөлісті. Сондай-ақ 17 жасында соғысқа аттанып, 334-атқыштар дивизиясында минометші болған Чанты Бөлекбаевтың қызы да әкесінің ерлігін айтты.

«Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызымын. Сондықтан ардагерлердің жолы, Ұлы Отан соғысына қосқан еңбегіі, ерлігі айтылуы керек. «Ешкім ұмытылмайды, ешқашан ұмытылмайды» деп айтып жатырмыз. Бірақ жасөспірімдер ардагерлермен кездесіп, сұхбаттасып, тілегін білу» қажет деп ойлаймын», – деді Ч. Бөлекбаевтың қызы Райхан Бөлекбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңға жуық азамат аттанса, олардың жартысынан астамы майдан даласында қаза тапты. 500-ден аса қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанып, 110-нан астамы «Даңқ» орденінің иегері болды. «Біз батырлар ұрпағымыз» жобасы осы асыл мұраны жас буынға жеткізіп, өшпес рухты жалғаудың жарқын үлгісі болып отыр.

Мәлік Мади. Ялкунжан Әшімжанұлы

Оөи отырыңыз: Бауыржан Момышұлының мол мұрасы еліміздегі әскери білім ордаларында оқытылуы тиіс - тарихшы

 

 

Новости партнеров