Соңғы бір жарым айда өңірде 5 адам суға кеткен
БҚО-да 3 жасөспірім өзенге батып кетті. Олар шомылуға болмайтын жерге суға түскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Қайғылы жағдай Жаңақала ауданындағы Жаңақазан ауылы маңында болыпты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түлектер емтихан тапсырғаннан кейін шомылуға кетіп, содан оралмаған. Екі қыз бен бір баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шыққан. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу басталды.
Айта кетейік, соңғы бір жарым айда өңірде 5 адам суға кеткен.
«Оқиға орнына БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін қаза тапқан жасөспірімдердің денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарып алған. Қазір оқиғаның мәнжайы мен себептері анықталып жатыр», – деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Ихсанов.
Оқи отырыңыз: Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды