БҚО-да алимент төлеуден жалтарған ата-ана қамауға алынды

16.01.2026 20:50

Борышкер 2023 жылдан бастап 3 млн теңге алимент төлеуден жалтарып келген

Almaty.tv

БҚО-да алимент төлеуден жалтарған ата-ана қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2026 жылы Бәйтерек ауданының соты алимент төлемін төлеуден жалтарған тұлғаға қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Борышкер 2023 жылдан бастап 3 млн теңге алимент төлеуден жалтарып келген. 

Бәйтерек ауданы бойынша биыл алимент төлеуден жалтарғаны үшін 1 борышкердің ісі сот өндірісінде және 1 қылмыстық іс тергеу сатысында.

«Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен жеке тұлға үшін әкімшілік жауаптылық 5 АЕК айыппұл немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Баланы асырап-бағу үшін алимент төлемін төлеуден қашпауға шақырамыз. Себебі, әрбір ата-ана баласы алдында жауапты», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Жыныстық қатынасқа мәжбүрледі: Шымкентте қызды алып қашқан жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды