БҚО-да ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды

29.04.2026 17:56

Үкім заңды күшіне енді

Аlmaty.tv

Батыс Қазақстан облысына қарасты Теректі аудандық сотының үкімімен ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, олар өздерінің банк деректемелерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан.

"Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 1 млн 460 мың теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура дропперлік қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, мұндай әрекетке қатысқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 17 мың адамға рақымшылық жариялануы мүмкін