Алаяқтар Қазақстан азаматтарымен хат алмасып, өздерін туысқан ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақша аудартқан
2025 жылдың шілде айында Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың қаражатын жымқырумен айналысқан алаяқтық тобын сотқа берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алаяқтар Қазақстан азаматтарымен хат алмасып, өздерін туысқан ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақша аудартқан. Алаяқтық схемаға дроппер белсенді қатысты, оның банк шоты арқылы шамамен 5 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты шығарылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың интернет-алаяқтықтың 15 эпизодына қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілер арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу облысы мен Алматы қаласының тұрғындары бар.
-Сот үш алаяқтың барлығын кінәлі деп таныды. Биылғы маусымда олардың екеуі 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал біреуі 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталған,-делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Елімізде көлік бағасы қымбаттауы мүмкін