"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлері де анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды, ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

«Бұл ретте стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

Стипендия иегерлерінің тізімін мына жерден қарауға болады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың сынықтары мен бір адамның мәйіті табылды

Новости партнеров