Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштердің 88,7%-дан астамы электрондық форматта берілді
UKIMET
1-сыныпқа балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл алғаш рет QazTech платформасында Бірыңғай «OQU» платформасы аясында «1-сыныпқа қабылдау» кезең-кезеңімен іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Өтініштердің 88,7%-дан астамы электрондық форматта қабылданды. Бұл ата-аналарға білім беру ұйымдарына жеке бармай-ақ, барлық қажетті рәсімдерді онлайн режимде жүзеге асырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын аңғартады»,— деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.
1-сыныпқа балаларды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32