Аталған іс-шара шілде мен тамыз айларында да жалғасын таппақ
Алматыда жастар арасында оқу мәдениетін насихаттау мақсатында алғаш рет «BOOK VIBE» атты кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында авторлармен кездесулер, әдеби пікірталастар мен жаңа басылымдардың тұсаукесері ұйымдастырылды. Көрмеге танымал баспалар, сондай-ақ «Кітапқұмарлар» клубының белсенділері мен жас оқырмандар қатысты. Аталған іс-шара шілде мен тамыз айларында да жалғасын таппақ.
«Мақсаты – баспаларды қолдау, жаңа авторларды қолдау. Бұл іс-шарада кітап көрмесімен қатар, авторлармен кездесу болады. Жан-жағынан кітап көрген жастар алдағы уақытта кітапқа оқуға қызығушылығы артта түседі деп ойлаймын», – деді жоба үйлестірушісі Талғат Меңдібай.
Оқи отырыңыз: Бар мен жоқ: қазақ журналистикасы тағы бір тың туындымен толықты