Бүгін - Геологтар күні: сала мамандарына құрмет көрсетілді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Үздіктерге «Еңбек сіңірген геолог» атағы берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жыл сайын сәуір айының алғашқы жексенбісінде Геологтар күні атап өтіледі. Бұл – жер қойнауын зерттеп, еліміздің минералдық-шикізат базасын дамытуға үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Almaty.tv

Геологтар, геофизиктер, бұрғылаушылар мен инженерлер жаңа кен орындарын ашып, инвестициялық жобаларды іске асыруға, өнеркәсіптің дамуына және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Бүгінде бұл мамандық заман талабына сай жаңарып, салаға цифрлық технологиялар, 3D-модельдеу және үлкен деректерді талдау кеңінен енгізілуде. Дегенмен, барлық үдерістің негізінде әлі де білімі мен тәжірибесі мол маман тұр.

Үздік геологтар марапатталды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, Геологтар күніне орай өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында геология саласының дамуына және елдің минералдық-шикізаттық әлеуетін арттыруға айрықша үлес қосқан мамандарға құрмет көрсетілді.

Үздіктерге «Еңбек сіңірген геолог» атағы беріліп, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Бұл марапаттар геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу жұмыстары және ресурстық базаны дамыту бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандарға берілді.

Салтанатты рәсім геологтардың ел экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуына қосып отырған үлесінің маңызды екенін тағы бір мәрте айқындады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыста топ жарды

Новости партнеров