Бүгін – Қазақстанда Отан қорғаушы күні

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстан әскері құрылымында құрлық әскерлері, әуе қорғанысы әскерлері және әскери-теңіз күштері қамтылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 7 мамыр – Қазақстанда Отан қорғаушы күні.  1992 жылы осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Қарулы күштерді құру туралы №745 Жарлығы жарияланды. Жарлықта отандық қарулы күшті қалыптастырып, ол үшін тиісті жағдай жасау керек екені айтылған. Бұл – ел тыныштығын қорғап, бейбітшілікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілерді құттықтап, құрмет көрсететін күн, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан Қарулы күштер қатарында ер азаматтармен қатар, нәзік жандар да теңдей қызмет атқарып келеді. Олардың көпшілігі офицер атағына ие. Сондықтан, Отан қорғаушы күні – әскери саладағы қыз-келіншектердің де мерекесі.

Қазақстан әскері құрылымында құрлық әскерлері, әуе қорғанысы әскерлері және әскери-теңіз күштері қамтылған.

2012 жылы 7 мамыр мемлекеттік мереке болып жарияланды және демалыс күні саналады. Атаулы күн қарсаңында еңбегі сіңген сала мамандарына әскери атақтар беру және ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсыру дәстүрге айналды. 

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Новости партнеров