Кәсіби мереке елімізде жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде аталып өтеді
31 тамыз – Қазақстанда кеншілердің еңбегін ұлықтайтын Шахтерлар күні. Бұл мереке елімізде 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде тамыздың соңғы жексенбісінде аталып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазақстанда көмір өндіру саласы экономика үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстанның көмір қоры 34 миллиард тоннаға бағаланады, бұл әлемдік ресурстардың шамамен 4%-ын құрайды.
Қазіргі таңда елімізде жылына шамамен 110 миллион тоннаға жуық көмір өндіріліп, оның негізгі бөлігі электр станцияларына, металлургияға және тұрмыстық қажеттілікке жұмсалады.
Бүгінде көмір өнеркәсібінде 32 мыңға жуық азамат еңбек етеді. Кеншілердің негізгі бөлігі Қарағанды облысы мен Павлодар өңірінде шоғырланған. Әсіресе Қарағанды көмір бассейні – еліміздің ірі өндірістік орталығы. Мұнда мыңдаған шахтер еңбек етеді.
Шахтер мамандығы – аса ауыр әрі жауапты кәсіп. Сондықтан бұл күні кеншілердің еңбегі мен ерлігіне алғыс айтылып, саланың дамуына үлес қосқан ардагерлер марапатталады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кеншілер қанша табыс табады