Бүкіл ел сенімен бірге: Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлады
Almaty.tv
Марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Танымал кәсіпкер Ұлықбек Шарипов Шерхан Қалмұрзаға автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды.
Кәсіпкер "Қайраттың" 18 жасар қақпашысын шақырып, тосынсый ұсынды. Шерхан эмоциясын жасыра алмады.
"Бүкіл ел сенімен бірге", - деп жазды әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіпкер.
Желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдіріп, жарыса құттықтады.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза - "Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы. Ол - "Қайрат" пен "Реалдың" ойынында ерекше көзге түсіп, қарсыластардың бірнеше мәрте соққысына төтеп берген жас футболшы.
Оқи отырыңыз: Біз осындай жеңілістер арқылы күшейеміз: "Қайраттың" бас бапкері ойынға баға берді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46