Бұл – жарқын болашақтың кепілі: сарапшылар сайлауға бейжай қарамауға шақырды

20.08.2026 18:50

«Алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға бейжай қарауға болмайды. Өйткені, ол – жарқын болашақтың кепілі». Сарапшылар осындай пікір айтты,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Олардың айтуынша, тарих беттерінде ұлтты ұйыстырған ұлы дәстүр ретінде бастау алған жиынның Қазақстанда жаңа сипатқа ие болуы да маңызды қадам. Еске салайық, ел тарихындағы маңызды саяси оқиғаның өтуіне 2 күн қалды. Көпшілік берген дауыс нәтижесінде Құрылтайға 7 партия ұсынған тізімнен 145 депутат сайланады.

«Сапалы заңдарды қабылдауда, болашақта мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосатын перспектиквалық заңдарды қабылдап, болашақта бәсекеге қабілетті ел ретінде, өзінің бейнесін сақтап қалатын мемлекет ретінде мүмкіндік болуы керек. Сондықтан сайлауға ерекше көңіл бөліп, эмоцияға берілмей  немесе жай келіп, дауыс беру емес, болашақты таңдаудың кепілі деп есептеуіміз керек», – деді саяси ғылымдарының докторы Жомарт Симтиков.

«Саяси партиялар бағдарламаларымен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Олар елімізді дамытудың басым бағыттарын көрсетеді. Әрине, ең алдымен, құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарға мән береміз», – деді қоғамдық кеңес мүшесі Ерұлан Қарағұлов.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауына 777 шетелдік байқаушы қатысады

Толық көрсету