Бүлдіршіндерге қол жұмсаған тәрбиеші бейнебақылау камерасына түсіп қалды

23.10.2024 21:43

Қызылорда облыстық білім басқармасының мәліметінше, іс полиция департаментінің қарауында

Балабақшада бүлдіршіндерге қол жұмсаған тәрбиешінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Видео авторының сөзінше, оқиға Қызылордадағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бірінде болған.

Көп оқылған: Қызылағаштағы салынған үйлерге қатысты дау шықты

Кадрда «Нұр-әлем» бөбекжайының тәрбиешісі балалардың басынан ұрып жатқаны көрінеді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, іс полиция департаментінің қарауында.

Айта кетейін, мұндай жағдай өңірдегі балабақшаларда бірнеше рет қайталанған.

Оқи отырыңыз: Түркияда теракт болып, 4 адам қаза тапты