Жиында мамандар жер сілкінісі, өрт және тұрмыстық қауіп-қатер болған сәттегі жедел іс-қимыл алгоритмін пысықтады
Төтенше жағдай кезінде бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – педагогтерге жүктелген басты жауапкершілік. Осыған орай тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы практикалық семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында мамандар жер сілкінісі, өрт және тұрмыстық қауіп-қатер болған сәттегі жедел іс-қимыл алгоритмін пысықтады. Басты басымдық апат кезінде сасқалақтамай, балаларды қауіпсіз әрі жылдам эвакуациялауға берілді.
«Семинарымыздың мақсаты – тәрбиешілердің төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелер туралы түсінік беру, қалыптастыру және қауіптің алдын-алу», – деді қалалық Білім басқармасы № 3 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Акерке Белғожаева.
Семинар барысында кішкентай балаларға қауіпсіздік ережелерін психологиялық тұрғыда жеңіл жеткізудің жолдары көрсетілді. Педагогтер бұл мақсатта интерактивті ойындарды, тематикалық қойылымдар мен көрнекі көрмелерді қолданған. Мұндай практикалық тәсіл бүлдіршіндерді үрейге бой алдырмай, өз-өзін қорғау дағдысын ерте жастан бойына сіңіруге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматы мектептері 1 қыркүйекке дайын