Қызметкердің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған
Ақтөбе облысында балабақша тәрбиешісі 3 жастағы бүлдіршінге қол көтерген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Шалқар ауданындағы мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған. Қызметкердің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбалардан оның балалардың басынан ұрып, қолынан жұлқып, итергені көрінеді. 12 ата-ана балабақшадағы бассыздыққа көз жұмбай, аудандық білім бөліміне шағым жазды.
«Аталған дерек бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу аяқталғанға дейін екі қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді. Кез келген заң бұзышылық фактісі расталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң шаралар қабылданады», – деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башанов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 6-сынып оқушысы өзіне қол салды