Бұралқы иттің әлегі: Атырау облысына тұрғындардың қорасы қаңырап, бос қалды

Шенеуніктер әлі санақ жүргізіп, малдың санын есептемеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының бірнеше ауылында бұралқы иттер малға қырғидай тиіп жатыр. Төртаяқты мақұлықтар қой-ешкіге шабуыл жасап, өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Құлсарылықтар екі айдан бері қорасындағы төрт түлігін талап кеткен бұралқы иттердің әлі күнге дейін ауланбай жатқанына ашулы. Қаптаған төртаяқты  мақұлықтар ұсақ малмен қоса сиырлардың да түгін қалдырмай талап, қан жоса еткен. Сорақысы жұрт енді адамға шапса, тіпті далаға шығудан қаламыз деп үрейленіп отыр.

Қабаған иттер тұрғынның ауласындағы 22 қойдың біреуін де тірі қалдырмай, өлтіріп кеткен. 10 шақты жылдан бері асырап отырған малынан айырылып, қорасы бос қалған.

«Жалпы 22 бас, оның 12-сін кәдімгідей талап, өлтіріп кеткен. 10-ы тірі қалған, бірақ пайдаға аспайды. Біреуін сойып қарап едік, аяқтарын, сіңірлерін үзіп жіберген. Мал болмайды. Мал аяғынан тұрып кете алмайды, емдеуге келмейтін болған соң сойып тастадық. Ит атылмайды, әлі де жүр. Табиғи апат емес,  «шығын өтелмейді» деп айтты», – деді Құлсары қаласының тұрғыны

Шенеуніктер жағдаймен таныс. Алайда әлі санақ жүргізіп, малдың санын есептемеген. Әркім өз малын өзі қорғауы тиіс деп жайбарақат отыр. Тіпті қаңғыбас иттерді аулау, ату шаралары туралы жақ ашпады.

«Жеке кәсіпкер  итті аулайын десе, әркім шарбағына байлап қояды. Кеткеннен кейін қайтадан жібереді. Сол себептен әр азамат бағып отырған итіне ие болуы керек. Сақтық шараларын жасауы керек», – деді Жылыой ауданы әкімінң орынбасары Ерлан Нұрланов.

Шақшадай бастары шарадай болған халық енді қырылған малдың өтуін кімнен сұрарын білмей дал. Аудан басшысынан қайыр болмаған соң шағымымызды облыс әкіміне жолдаймыз деп отыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында елдімекенді қаламен жалғайтын жалғыз бағыт жабылып қалуы мүмкін

Новости партнеров