Бүркіт пен Айшаның төртінші сәбиі дүниеге келді

instagram.com/aisha_vee
instagram.com/aisha_vee

Бұл қуанышты жаңалықты әнші желідегі парақшасында жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық әншілер Бүркіт пен Айшаның отбасында төртінші сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыптылар қызды болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл қуанышты жаңалықты әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Біздің қызымыз өмірге келді. Аллаға мың алғыс. Аиша аман! Аллаға шүкір", - деп жазды Бүркіт.

Әнші эмоцияға толы видео да жариялады. Жазба астына мыңдаған лайк қойған жазылушылар сансыз құттықтау сөздерін жазған.

Айта кетейік, Бүркіт пен Айшаның осылайша екі ұл, екі қыздың ата-анасы атанып, көпбалалы отбасылар қатарына қосылды.   

"Қызыңыздың туған күні құтты болсын! Дені сау, бақытты болып өссін!", "Үлгілі қазақ отбасы – ел мақтанышы», «Анасы мен баласы тезірек үйлеріне шықсын!", - деп оқырмандары жылы тілек білдірді.

Айта кетейік, Бүркіт (Айбек Жансейітов) мен Айша (Виктория Жансейітова) - Қазақстандағы танымал жұптардың бірі.

Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртас үш елді аралып концерт қоймақшы

Новости партнеров