Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова жоспарларын бөлісті
Танымал әнші Қайрат Нұртас ТМД елдерін аралап, концерттік тур жасауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Madeniportal.kz-ке сілтеме жасап.
Әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, жақын уақытта Қайрат бірнеше ТМД елінде өнер көрсетеді.
Жақында Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасымен бірге Түркиядағы демалысынан видео жариялады. Ол жазбасында демалыстан бөлек, Қайраттың командасы іскерлік кездесулер өткізіп, маңызды ұйымдастыру мәселелерін шешіп үлгергенін айтты.
"Біраз тірлігімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік", - деп жазды Айдарбекова.
Сол жазбада Гүлзира Айдарбекова жоспарларын да бөлісті. Оның айтуынша, гастрольдік кесте 18 мамырдан басталады:
• 18 мамыр — Қырғызстанға;
• 20 мамыр — Ташкентке (Өзбекстан);
• Әрі қарай — Ресейдің бес қаласына гастроль.
Дегенмен әншінің Ресейдің нақты қай қалаларында өнер көрсететіні әзірше белгісіз.
Оқи отырыңыз: Балмұздақ сатып аларда неге назар аудару керек