Буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай өмірден өтті

13.10.2024 17:54

Қаралы хабарды актер Рахман Омар хабарлады

instagram/aidos_toktarbai

Халық арасында буынсыз адам атанып, танымал болған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қаралы хабарды ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Рахман Омар хабарлады.

«Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері», – деп жазды Рахман Омар.

Еске салайық, бұған дейін цирк әртісі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келіп, немен айналысып жүргенін айтқан болатын.

«Пандемия кезінде ауылға барып мал бақтым. Кейін түрлі жобаларға қатыстым. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым, – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысының бұрынғы әкімі дүниеден озды