БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді

10.12.2025 12:00

Ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге

Depositphotos

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептеледі", — деп жазады БЖЗҚ ресми сайты.

ТЖШ есептеу кезінде 2026 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

1. ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге;
2. зейнетақының ең төменгі мөлшері — 69 049 теңге;
3. ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.

"Осылайша 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10% өсті. Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", — делінген ресми мәліметте.

2026 жылға салымшының жасына қарай жеткіліктік шегі қалай белгіленгенін мына жерден көруге болады. 

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды Мәслихат сессиясында Алматының дамуы жайлы баяндады