Creative Tech Week 2026: Алматыда креативті индустрия мен IT саласына арналған халықаралық апталық басталды

24.07.2026 16:38

Іс-шараға Оңтүстік Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы, креативті индустрия өкілдері, халықаралық сарапшылар мен IT мамандары қатысты

Алматыда Creative Tech Week 2026 халықаралық апталығы басталды. Төрт күнге созылатын іс-шара шығармашылық индустрия мен заманауи технологияны ұштастырып, жасанды интеллект, кино, анимация және өндірісті цифрландыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Оңтүстік Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы, креативті индустрия өкілдері, халықаралық сарапшылар мен IT мамандары қатысты. Жоба аясында қатысушылар вебтун жасау, кино өндірісіне жасанды интеллектіні қолдану, Smart Factory және No-Code AI технологиялары бойынша шеберлік сабақтарына қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба еліміздегі креативті индустрия мен IT саласына қажетті маман даярлауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. 

«Биыл наурызда ALT университетімен келісімге қол қойып, Креативті академия ашу туралы шешім қабылдадық. Креативті академия – қысқа мерзімде білім алып, кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін алаң. Жоба аясында кино, анимация және жарнама салаларындағы AI-продакшн, визуал және ритейлинг, no-code технологиялары секілді төрт бағыт ұсынып отырмыз», – деді   «Диалог» аудармашылар одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Татьяна Нам.

Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты