Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса көп проблема шешілер еді - Жазира Байырбекова

instagram/zhazira_bairbekova
instagram/zhazira_bairbekova

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал қазақстандық әнші Жазира Байырбекова спирттік ішімдікті сатылымнан алып тастауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Спирттік ішімдіктің қоғамға, отбасына тигізіп жатқан зияны көп. Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса көп проблема шешілер еді. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді. Сіз спирттік ішімдіктің сатылымнан алып тастағанын қолдайсыз ба?", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің пікіріне қолдау білдіріп жатқаны байқалады. 

"Толықтай келісемін", "Сатуға да, ішімдік өнімдерін шығаруға да қарсымын. Мүлдем шығармаса екен. Соның кесірінен қаншама адам зардап шегіп жатыр", "Қазақстанда ішімдіктің қай түрі болса да сатылымнан алып тастау керек", - деп жазып жатыр Жазира Байырбекованың әлеуметтік желідегі оқырмандары. 

Оқи отырыңыз: Zepter: Алматыда кәсіпорын көшбасшыларының іскерлік конференциясы өтті

Новости партнеров