Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында мамандар дәмханада болған газ жарылысының себептерін анықтап жатыр. Төтенше жағдай кеше кешкісін Хромтау қаласында тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған кезде ғимараттың шатыры қозғалып, кейін опырылған. Бұдан бөлек, тұрғын үйлердің терезелері де сыныпты. Апат салдарынан 5 адам зардап шеккен. Олардың барлығы түрлі жарақатпен Орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Денесінің шамамен 20 пайызын күйік шалған азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу кезінде анықталмақ.
«Жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалады және зерттеу жүргізіледі. Жұмыс нәтижесіне қарай аталған оқиғаның нақты себебі анықталады», – деді ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұрхат Қалдыбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда танымал оңтүстіккореялық телешоу түсірілді