Ішек микрофлорасына қандай тағамдар пайдалы

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Дәрігер ішек микрофлорасына пайдалы тағамдарды атады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Терапевт-дәрігерлер ішек микрофлорасына жағымды әсер ететін кейбір өнімдерді атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, бұл тұздалған көкөністер – қияр мен қырыққабат секілді өнімдер.

"Рационға тұздалған көкөністерді – қырыққабатты, қиярды – қосуға болады. Олар ағзаны дәрумендермен ғана емес, ішек микробиотасына пайдалы пробиотиктермен де қамтамасыз етеді", – дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ тұздалған көкөністерден бөлек, ағзаға мұздатылған жидектер мен көкөніс қоспалары да жақсы әсер етеді. Олар жаңа піскен көкөністер мен жемістер аз болатын кезеңде қолданылады, себебі дұрыс мұздату кезінде олардың құрамындағы дәрумендер мен минералдар іс жүзінде толығымен сақталады.

"Жаңа өнімдер мол болмаса да, әрдайым теңгерімді тамақтанып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді нұсқаларды естен шығармау керек", – деді диетологтар.

Дереккөз: РИА Новости

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды

Новости партнеров