Бұл өнімнің ағзаға әсері оның қалай дайындалғанына байланысты болмақ
Картоп – жоғары калориялы тағам емес. Ел арасында кең таралған пікірге қарамастан, гастроэнтеролог дәрігерлер осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Известия» басылымына берген сұхбатында дәрігер Екатерина Кашух картоптың қаупі туралы қауесеттіи жоққа шығарды.
Дәрігердің айтуынша, бұл өнімнің ағзаға әсері оның қалай дайындалғанына және қандай тағаммен бірге берілетініне байланысты болмақ.
«Тауық етіне гарнир ретінде брокколи мен сәбіз қосып пісірілген картоп чизбургер мен сүт коктейлі қосылған картоп фриінен әлдеқайда пайдалы болмақ», - деп атап өтті Кашух.
Дәрігер сондай-ақ шикі картоптың құрамында зиянды ештеңе жоқ екенін айтты: оның калориясы аз, мүлдем майы жоқ әрі талшықтар мен қоректік заттары, атап айтқанда, В тобындағы дәрумендер, С дәрімені, калий, магний, фосфор және темір бар.
Гастроэнтерологтың айтуынша, картоп ішекке де пайдалы. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына оң әсер етеді, қан қысымын реттеуге және денеден артық сұйықтықты кетіруге көмектеседі.
Дегенмен осыншама пайдалы қасиеттеріне қарамастан, дәрігер қант диабетімен ауыратын және артық салмақтан қиналатын адамдарға картопты көп пайдаланбау керек екенін ескертті. Маман бұл көкөністе негізінен қандағы қант деңгейін тез арттыратын жылдам еритін көмірсулар бар екенін айтты.
Оқи отырыңыз: Әскери дәрігер ұшақта есінен танып қалған жолаушыны құтқарды