Дәрігерлер жебе тиген баланың жағдайын айтты

Садақты  мүмкіндігі шектеулі азамат атқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте футбол ойнап жүрген баланың арқасына жебе тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс жағдай қаладағы Қажымұқан стадионының маңайында болған. Полицияның дерегінше, садақ атып жаттығып жатқандардың жебесі секция аумағынан шығып кеткен көрінеді, салдарынан 11 жастағы жеткіншек жараланған. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Клиникалық хаттама бойынша толық инструменталды-лабораторлы зерттеулер жасады. Қазіргі таңда баланың жағдайы орташа ауыр, әрі тұрақты. Бүгінде жеткіншек хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр», – деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Болған жайттан кейін жауаптылардың үстінен «қауіпсіздік ережелерін бұзды» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Алайда қалалық спорт басқармасы оқыс жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Белгілі болғаны - садақ атқан азамат мүмкіндігі шектеулі жан екен.

Оқи отырыңыз: БҚО-да жол апатынан жас қыз көз жұмды

Новости партнеров