ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Дәурен Қосанов1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.
Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;
Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;
Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;
2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы
2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).
Марапаттары: I және II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі, мерейтойлық медальдар – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің 20 жылдығы», «Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы», естелік медаль – «Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов» (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі).
Оқи отырыңыз: Қазақстанның барлық аумағында 3 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды