Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды

03.09.2026 09:28

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Сәденов 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы – ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған

I дәрежелі «Даңқ» (2026), I (2024) және II дәрежелі (2018) «Айбын» ордендерімен марапатталған.

Арнайы атағы – полиция генерал-лейтенанты.

1993-2009 жылдары ШҚО Ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.

2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облысы және Нұрсұлтан қ. Көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында еңбек етті.

2022-2023 жылдары – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

2023 жылдың қыркүйек айынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Оқи отырыңыз: Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Толық көрсету