Дауыл салдары: Павлодар облысында екі адам зардап шекті

27.04.2026 18:35

Бүгінде екеуі де № 1 қалалық ауруханада жатыр

Almaty.tv

Павлодар облысында дауыл тұрып, екі адам зардап шекті,  деп хабарлайды Almaty.tv

Оқиға облыс орталығында болған. Қатты желден 34 жастағы келіншекке ағаш құлап, жедел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, оған жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалу диагнозы қойылған.

Дауыл салдарынан тағы 1 адам зардап шеккен. Бүгінде екеуі де № 1 қалалық ауруханада жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 2 жастаға бүлдіршін құдыққа құлап кетті