Терең құдықтың не үшін қазылғаны белгісіз
Шымкентте 2 жастаға бүлдіршін 24 метрлік құдыққа құлап кетті. Оқыс жағдай Қаратау ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аулада ойнап жүрген балақай абайсызда есік алдындағы шұңқырға құлап түскен. Абырой болғанда кішкентай қызды жақындары дер кезінде байқап қалып, көмек шақырған. Бүгінде бала дін аман, тек аяқ-қолынан жеңіл жарақат алған. Ал мұншалықты терең құдықтың не үшін қазылғаны белгісіз.
«Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды. Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Шәріп.
Оқи отырыңыз: Зиянды жұмыстағы азаматтарға берілетін тағам рационы өзгере ме