Дауыл: Жамбыл облысында 29 нысанның шатырын ұшып кетті

23.02.2026 15:12

Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, аудандағы 19 елдімекенде электр жарығы өшкен

Жамбыл облысында тағы да дауыл тұрып, 29 нысанның шатырын ұшырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатты соққан жел Тұрар Рысқұлов ауданындағы әлеуметтік нысандарды бүлдірген. Оның ішінде әкімдік пен білім, мәдениет нысандары бар. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, аудандағы 19 елдімекенде электр жарығы өшкен. Тағы 7 ауылда газ беру уақытша тоқтатылды. Облыстық әкімдіктен арнайы штаб құрылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10 бригада электр жарығы мен газды қайта қосу жұмыстарымен айналысып жатыр.

«Едәуір зиян келтірілген нысандар саны үшеу. Ол – Қызылшара шаруа орта мектебі. Әскери комиссариат және Қороғаты ауылдық мәдеиет үйі.Ұшып кеткен шатырларды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Елдімекендерге жарық беріліп, газбен қамтамасыз етілді», – деді Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов.

Оқи отырыңыз: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады