Демеу: Алматыдағы әлеуметтік орталықта 700-ден аса адам ем алады

Биыл әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылғанына 60 жыл толды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылғанына 60 жыл толды. Бұл – өмірдің қиын жағдайына тап болғандарға көмек беретін Қазақстанда ашылған алғашқы мекеменің бірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мыңдаған адамға қамқорлық танытқан орталықта қазір 700-ден аса адам ем алады. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен психоневрологиялық дертке шалдыққандар бар. Мерейтойға орай деректі фильмнің тұсауы кесіліп, қызметкерлер марапатталды. 

"Мүгедектігі бар, психикалық ауытқуы бар адамдар келеді. Сегіз бағытта медициналық көмек көрсетіледі. Киноға, театрға да барамыз, тауға шығамыз. Ел қатарлы қызмет алушылар барлық жерде жүреді. Екі жылда 24 адам үйіне оралды, отбасын құрып, бөлек шыққандар бар", – деді  "Демеу" әлеуметтік қызмет орталығы директорының орынбасары Қуаныш Әбжанова.

Оқи отырыңыз: Жер қойнауын заңсыз пайдаланған: Түркістан облысында 4 қылмыстық іс қозғалды

Новости партнеров