Дені сау ұрпақ – мықты Қазақстан: Алматыда қайырымдылық іс-шарасы өтті

24.09.2024 13:31

«Алтын доп» қоры 120 тәрбиеленушіге спорттық киімдер мен тәттілер табыс етті

"Дені сау ұрпақ – мықты Қазақстан" жобасы аясында Алматыдағы №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алтын доп» қоры 120 тәрбиеленушіге спорттық киімдер мен тәттілер табыс етті. Сонымен қатар орталықтағы балалар спорттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл – жоба шеңберінде ұйымдастырылған үшінші жарыс. Іс-шараға атсалысқандар алдағы уақытта да осы бағытта еңбек етпек.

"Алтын доп» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жаңағы спорттық киім әкеліп,  балаларға тәтті тарттық. Балаларды жан-жақты адамгершілікке тәрбиелейміз", – деді №1 облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Перизат Мәшірбаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда туристер үшін тау маршрутының картасы пайда болды