Диагностика аллергияның нақты себебін анықтай алады - Арай Батырбаева

21.04.2026 18:18

Алматыда балалар арасында маусымдық аллергия өршіді

Алматыда балалар арасында маусымдық аллергия өршіді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар мұны биыл көктемнің ерте келіп, өсімдіктердің әдеттегіден бұрын гүлдей бастауымен байланыстырады. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы Республикалық аллергологиялық орталықтың мәліметінше өткен жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасында шамамен 5 мыңға жуық ринит пен 3 мыңнан аса демікпе дерегі тіркелген. Ал ересектер арасында бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Мәселен, былтыр демікпемен ауыратындар саны 11 мыңнан асқан. Бұл ретте ақ халаттылар аллергиялық ауруларды дер кезінде бақылауға алмаса, уақыт өте келе асқынып кететінін айтады7¤

«Диагностика аллергияның нақты себебін анықтай алады. Біз тері тесттерін, қан талдауын, молекулалық диагностиканы қолданамыз. Бұл емді дұрыс таңдап, қауіпті бағалауға көмектеседі. Кей жағдайда тыныс алу жүйесіне қатысты қосымша зерттеу жүргізіледі. Тұрғындарға айтарым, үйге келген соң жуынып, киім ауыстырып, мұрынды шаю керек. Үй ішінде терезені жауып, бөлмені ылғалды ұстаған абзал», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жанындағы республикалық аллергологиялық орталықтың жетекшісі Арай Батырбаева.

Ақ халаттылардың айтуынша, Алматыда аллергиялық дерт жыл сайын маусым–шілде айларында күшейеді. Ал тамыз бен қыркүйек аралығында шарықтау шегіне жетеді. Мамандар мұндай асқынуға қайың, қандыағаш және теректен ауаға тарайтын тозаң себеп дейді. Сондай-ақ дәрігерлер науқастардың маусымдық аллергияны жиі суық тиюмен шатастыратынын айтты.

Алайда, аллергия кезінде дене қызуы көтерілмейді. Тек қышыну, жиі түшкіру секілді белгілер болады.

Оқи отырыңыз: Қаладағы заң: Алматыда құқықтық квест-марафоны басталды

 

 

 

 

Теги: аллергия