New Vision Forum 2026 алаңында бизнес, мемлекет және жаһандық қауымдастық диалогы өтеді

New Vision Forum
New Vision Forum

Алматыда шетелдік сарапшылар мен Қазақстан экономикасының көшбасшылары бас қосады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде Қазақстан бизнесі соңғы онжылдықтардағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Геосаяси өзгерістер, салық жүйесіндегі жаңашылдықтар мен экономикалық трансформация компаниялардың жаңа жағдайға қаншалықты бейімделе алатынын айқындайтын маңызды кезеңге айналды. Осындай сын сағатта қазақстандық бизнеске арналған жаһандық аналитика мен нақты тәжірибелік шешімдер 11–13 маусым күндері Алматыда өтетін New Vision Forum 2026 алаңында талқыланады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«2026 жыл Қазақстан бизнесі үшін ауқымды өзгерістер кезеңі болып отыр. Көптеген компаниялар жұмыс моделін, қаржылық стратегиясын және бизнес құрылымын қайта қарап жатыр. Мұндай жағдайда қателіктің құны жоғары, ал қабылданатын шешімдер жүйені терең түсінуді және дәлдікті талап етеді. Сонымен қатар экономикалық шешімдерге геосаясат пен технологиялық өзгерістердің ықпалы күшейіп келеді. Дәл осындай жағдайда New Vision Forum 2026 өтеді. Форумның басты назарында — практикалық құралдар, басқарушылық шешімдер және бизнесті бейімдеу стратегиялары. Біз мықты бизнес — мықты ойлау жүйесінен, дұрыс ортадан және өзгеріс кезеңінде әрекет ете білуден басталады деп сенеміз. Бүгінде алысқа көз жүгірте алатын, жылдам бейімделетін әрі үлкен мақсаттар жолында біріге білетіндер жеңіске жетеді», — дейді форумның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Мақсат Құрбенов.

Форум бағдарламасында практикалық сессиялар, кейс талдаулар және экономика, капитал мен басқару болашағына арналған жабық талқылаулар өтеді.

Спикерлер қатарында — Еуропалық комиссияның экс-басшысы Жозе Мануэл Баррозу, цифрлық экономика мен блокчейн саласының әлемдік сарапшысы Дон Тэпскотт, Siri жүйесінің авторларының бірі Люк Джулия, «Ерлер Марстан, әйелдер Венерадан» кітабының авторы Джон Грей және жаһандық экономиканың күн тәртібін қалыптастырып жүрген өзге де әлемдік көшбасшылар бар.

Форумда Қазақстанның стратегиялық және технологиялық күн тәртібін қалыптастырып жүрген мемлекеттік сектор өкілдеріне де арнайы блок арналады. Олардың қатарында — Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бар.

Сахнада қазақстандық бизнес өкілдері де сөз сөйлейді.  

New Vision Forum үш негізгі бағытты біріктіреді: жаһандық нарықтар мен капитал, AI және технологиялық трансформация, сондай-ақ тұрақсыздық кезеңіндегі көшбасшылық. Бағдарламаның арнайы бөлімі компаниялардың жаңа экономикалық жағдайда басқару жүйесін, салық стратегиясын және операциялық моделін қалай қайта құрып жатқанына арналады.

Іскерлік бағдарламадан бөлек, қатысушыларды инвесторлармен жабық кездесулер, нетворкинг-сессиялар, технологиялар көрмесі және бизнесті дамыту құралдарына бағытталған практикалық шеберлік сағаттары күтеді.

Билет құнына New Vision Expo бизнес-көрмесіне кіру, мастер-класстардың жазбалары, жабық сессияларға қатысу мүмкіндігі және кеңейтілген пакеттер аясындағы мәдени бағдарлама кіреді.

Форум Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды - Президент

Новости партнеров