2026 жылғы аймақтық экосаммитке жетелейтін қадам: Алматыда «Жасыл импульс» диалогы өтті

01.12.2025 17:27
Казахстанская Национальная Федерация клубов ЮНЕСКО

2025 жылғы 28 қарашада Алматы қаласы «Жасыл импульс: 2026 жылғы Аймақтық экологиялық саммит» атты маңызды сараптамалық диалог алаңына айналды. Шара Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтында (CAIER) өтті, өңірдің экологиялық трансформациясына бағытталған стартегиялық мәселелерді талқылау үшін бизнес, мемлекет, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Диалог TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясымен бірлесіп CAIER және Орталық Азия климаттық қорының ұйымдастыруымен өтті. Шараның бас серіктесі – ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі – Chevron компаниясы болды.

TURAQTY JOL: жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың алтышы жылы

TURAQTY JOL бағдарламасы алты жыл бойы жастарды табиғатқа жанашырлыққа, жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке тәрбиелеуді мақсат етеді. Жоба жергілікті экобастамалардан ұлттық деңгейдегі қозғалысқа айналып, мыңдаған жас белсенділерді қамтып келеді.

2025 жылы бағдарлама нәтижелері:

  • еліміздің 17 өңірін қамтыды,
  • 7 000-нан астам қатысушыны тартты,
  • 9,8 тонна қалдық жиналды,
  • 400-ден аса ағаш көшеті отырғызылды.

Банк ЦентрКредиттің ESG дирекциясының басшысы Олжас Жүсіпов өз сөзінде мынаны атап өтті: «Банк ЦентрКредит атынан TURAQTY JOL экокампаниясына қатысқан баршаңызға алғыс білдіреміз. Біз үшін бұл маңызды жобаны қолдау және экологиялық әрі әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге өз үлесімізді қосу – үлкен құрмет. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясымен және серіктестерімізбен бірлесіп, экологиялық мәдениетті дамытуға және планетамыздың болашағына қамқорлық жасауға ықпал ететін жобаларды жүзеге асырып келеміз. Бұл бастама біздің негізгі Тұрақты даму мақсаттарымызға толық сәйкес келеді, соның ішінде ЦУР 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік, өйткені ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізудің басты тетігі – ынтымақтастық. ЮНЕСКО-ға және барлық серіктестерге Қазақстандағы тұрақты бастамаларды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз».

Маңызды оқиғалардың бірі – ECO FEST TURAQTY JOL 6.0, онда 70 финалист экология, ESG, медиа және коммуникация жөніндегі шеберлік сабақтардан өтті. Фестиваль финалында үздік жобалар таныстырылып, “Innovation” номинациясының жеңімпаздарына 10 миллион теңге көлемінде грант табысталды.

"Шеврон" компаниясы Еуразия бөлімшесінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Жанар Қошпанова берік серіктестіктің маңыздылығын атап өтті: «Шеврон компаниясы тұрақты даму қағидаттарын қалыптастыратын және адами капиталды дамытатын бастамаларға жүйелі түрде инвестиция салады. ЮНЕСКО клубтары федерациясымен көпжылдық серіктестігіміз –қоғам мен бизнес үшін шынайы құндылықтардың қалыптастыуының нақты дәлелі. Біз бірлескен күш-жігеріміз арқылы қоршаған ортаға жауапкершілік қалыпты жағдайға айналатын аймақ үшін тұрақты болашақ құрып жатқанымызға сенімдіміз».

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАР: ESG, климат және өнеркәсіптік сын - қатерлер

Диалогтың күн тәртібінде қаржы секторындағы реттеуші бастамалар, көміртекті трансформация, жасыл экономикаға көшу, қалдықтарды басқару және анти-гринвошинг мәселелері қаралды.

CAIER негізін қалаушысы Асель Тасмагамбетова қазіргі үрдістерге тоқталып өтті:

«Бес жыл бұрын ESG ұғымын бизнестің өзіне түсіндіруге тура келетін. Бүгінде сұрақ мүлде басқа: тұрақты даму қажет пе деген емес, оны қалай тиімді енгіземіз және қандай жаһандық сын-қатерлерге жауап береміз? Бұл – ESG тәсілдерінің бизнес саясатының ажырамас бөлігіне айналғанының көрінісі».

Қатысушылар сонымен қатар ашықтықты арттыру, сенімді нығайту, инновациялық шешімдер еңгізу және өңірлік үйлестіруді күшейту қажеттілігін атап өтті.

2026 жылғы аймақтық экологиялық саммитіне дайындық

Диалог - 2026 жылы өтетін Аймақтық экологиялық саммитке дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Жиындық климаттық, экологиялық және индустриялық басымдықтарды қамтитын РЭC-2026 арналған ұсынымдар жобасына қатысты ұсыныстар талқыланды.

Шара Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін берді.