Қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды цифрлық экономиканың негізі ретінде дамытуды талқылады
Digital Qazaqstan 2026 форумы алаңында «Еуразияның цифрлық байланыстылығы: телеком-желілер және деректер инфрақұрылымы» панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дискуссия барысында қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды цифрлық экономиканың негізі және Қазақстанның транзиттік әлеуеті ретінде дамытуды талқылады.
Байланыс желілерінің эволюциясына - базалық және магистральдық инфрақұрылымнан бастап жаңа буын желілеріне дейін, деректерді берудің трансшекаралық маршруттары мен дата-орталықтарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық хаб ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
«Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымдағы тәуелсіздігі — бұл меншікті хабты және деректерді берудің баламалы маршруттарын, соның ішінде Каспий теңізі арқылы дамыту болып табылады. Бұл ретте жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу телеком-инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты», - деп атап өтті ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар телекоммуникациялық инфрақұрылымды, халықаралық байланыс арналарын және дата-орталықтарды одан әрі дамыту Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайтудың негізгі факторы болатынын баса айтты.
Оқи отырыңыз: Digital Qazaqstan Battle: ұлттық стартаптар бәйгесінің жеңімпаздары анықталды