Мемлекет әлеуметтік маңызы бар салаларға ерекше көңіл бөлді
Жаңа Салық кодексі ірі компаниялардың жеңілдетілген салық режимін пайдалануға тосқауыл қояды. Бұған дейін талдау көрсеткендей, триллиондап айналым жасайтын ірі кәсіпорындар жеңілдетілген режим арқылы салықтан жалтарған, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Енді ереже айқын:
Бұл шешім бәсекені әділ етеді: шағын кәсіпкерлер тыныш әрі ашық жұмыс істейді, ал ірі компаниялар толыққанды салық жүйесімен жұмыс жасайды.
Әлеуметтік басымдықтар
Мемлекет әлеуметтік маңызы бар салаларға ерекше көңіл бөлді. Жеңілдетілген режимде қалады:
Ал өңдеуші өнеркәсіп үшін арнайы қолдау қарастырылған: ҚҚС бойынша жеңілдіктер, инвестициялық шегерімдер, «Бәйтерек» пен «Даму» арқылы жеңілдетілген қаржыландыру.
Яғни, шағын бизнес бұрынғыдай жеңілдетілген режимде жұмыс істейді, ірі бизнес толық салық төлейді, ал халық тауарлар мен қызметтерді қолжетімді бағамен ала береді.
Оқи отырыңыз: Шағын бизнес пен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ұтады: жеңілдетілген салық режимі сақталады