Димаш Құдайберген жас әншіге продюсер болмақ

27.04.2026 16:37

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Almaty.tv

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген өзінің шығармашылық жолындағы жаңа белесті бағындырып, алғаш рет продюсер ретінде бой көрсетті. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Димаштың алғашқы шәкірті  – Нұржас Садырбаев. Димаштың айтуынша, Нұржасты өз қарамағына алып, оның кәсіби дамуына тікелей атсалыспақ. 15 жылға жуық халықаралық сахналарда жинаған тәжірибесін енді жас таланттарды тәрбиелеуге жұмсамақшы.

«Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!» – деп жазды әнші.

Оқи отырыңыз: Қандай аяқ киім алған дұрыс - маман кеңесі