Димаш ән шырқады: Қарағандыда Шахтерлер күні қалай тойланды

Димаш ән шырқады: Қарағандыда Шахтерлер күні қалай тойланды

Сахна жарық шоулар, мультимедиялық эффектілермен әрленіп, концерт ауқымды қойылымдармен толықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір алаңда 250 мың көрермен. Тарихы кен өндірісімен тамырлас Қарағандыда шахтерлер күні осындай кең ауқымда тойланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік іс-шараны өткізу үшін қалада 5 гектардан аса жер бөлініп, арнайы алаң жасақталды. Ал сахнада Dequine, Moldanazar, Қайрат Нұртас секілді еліміздің танымал жұлдыздары мен шетелден келген әнші Дима Билан өнер көрсетті.

Ал кештің басты қонағы – Димаш Құдайберген. Концертті елдің әр аймағынан жиналған азаматтармен қатар, Ұлыбритания, Италия, Испания, Моңғолия және ТМД елдерінен келген қонақтар да тамашалады.

Қарағандының қара алтынын ел игілігіне жаратып жүрген Шахтерлер күніне дайындық бірнеше ай бұрын басталғанын, айта кетейік.

Сахна жарық шоулар, мультимедиялық эффектілермен әрленіп, концерт ауқымды қойылымдармен толықты. Ал бұқаралық іс-шара өткен аумақ төрт секторға бөлініп, жедел қызмет көліктері жүретін арнайы дәліз жасалды. Сондай-ақ жиылған қауымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары, құтқарушылар мен медицина мамандары кезекшілік етті. Мерекелік кеш ауқымды отшашумен аяқталды.

Оқи отырыңыз: Сарапшы Алматыда автокөліктердің нақты шығарындыларына неге басымдық берілетінін түсіндірді