Дін - алауыздық туғызатын құрал емес: Астанада дін өкілдері бас қосты

Жиында бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Дінді алауыздық туғызатын құрал ретінде пайдаланбау керек». Бұл туралы Астанада дін өкілдері бас қосқан «Рухани келісім» атты конференцияда айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің өкілдері қатысып, бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырды. Басқосуға сондай-ақ Ұлыбританиядағы Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары, епископ Джо Бэйли Уэллс, Исламабад Ислам университетінің Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Мұхаммед Зия-ул-Хақ келген. Конференция барысында рухани келісім мен ынтымақтастықты нығайту, әртүрлі этникалық топтар мен конфессиялар арасындағы толеранттылық принципін ілгерілету, тұрақтылық пен адами құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды.

"Діннің барлығы адамзатты бейбітшілікке, ынтымақтастыққа шақырады. Бірақ діннің атын жамылып, саяси құралына айналдратын топтар бар. Қазақстанда кең етек алмау үшін діни бірлестіктер мемлекеттік саясатымызды әрқашан түсіндіріп, насихаттап жүреміз", – деді  Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров.

Оқи отырыңыз: Ресейден вейп әкеліп таратқан Қостанай тұрғыны сотталды

Новости партнеров