Ресейден вейп әкеліп таратқан Қостанай тұрғыны сотталды

Ол тауарын телеграм-арнасы арқылы Қазақстан аумағында таратқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейден вейп әкеліп таратқан Қостанай тұрғыны сотталды. Ол электронды құрылғыға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз жеткізіп отырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұсталған азамат тауарын телеграм-арнасы арқылы Қазақстан аумағында таратқан. Вейптер курьерлер мен пошта арқылы елдің өзге өңірлеріне жөнелтіліп келген. Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 мың теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылдаған.

"Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді. Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Шекарада өзге елдің азаматтығы бар жеті қазақстандық ұсталды

Новости партнеров