Діни экстремизмнің алдын алу – маңызды міндет: Алматыда семинар басталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Іс-шараға дінтану, психология, саясаттану, социология саласының мамандары қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Діни экстремизмнің алдын алу – маңызды міндет. Алматыда дәл осындай атаумен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған 2 күндік семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды  Almaty.tv. 

Іс-шараға дінтану, психология, саясаттану, социология саласының мамандары қатысты. Олар халық арасында жат ағымның таралуы мен оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ радикалданған тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеу әдістерін талқылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай жиын қоғам қауіпсіздігін нығайтып, жастарды жат ағымнан қорғауға септігін тигізеді.

«Павлодар өңірінен, екіншісі Алматы қаласынан 2 маман келеді. Олар діни экстремизммен, терорризм саласын зерттеген. Теория жағынан ақпараттық талдау тобының мүшелеріне түсіндіреді. Қандай өзгерістер бар, қандай тәсілдер бар, солардың барлығын талқыланады», – деді  Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.

Оқи отырыңыз: Сандар сөйлесін: 2025 жылғы Алматыдағы туристік рекорд

Новости партнеров