Жылыту маусымы басталғанға дейін бір айға жуық уақыт қалды: облыс әкімдеріне қандай міндеттер жүктелді

пресс-служба Правительства
пресс-служба Правительства
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Олжас Бектенов энергетика нысандарын жылыту маусымына дайындауды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жылыту маусымының басталуына шамамен бір ай уақыт қалды. Солтүстік өңірлерде дайындық жұмыстарын аяқтау мерзімі бұдан да шектеулі. Сондықтан жөндеу науқанын уақтылы аяқтау үшін жұмыс қарқынын арттыру қажет. Мендегі ақпарат бойынша бірқатар өңірлерде жөндеу мерзімдерінің кешігу қаупі бар. Мәселен, осындай тәуекелдер Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында орын алып отыр. Сондай-ақ Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жылу желілерін жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр»,— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ энергетика нысандарын қысқы кезеңге дайындауға жауапты өңірлік штабтардың жұмысына назар аударылды.

«Энергетика нысандарын қысқы кезеңге дайындауға жауапты Өңірлік штабтардың жұмысына назар аударамын. Бірқатар өңірлерде олар есептік көрсеткіштерді тыңдаумен ғана шектеліп отыр. Жылыту маусымына дайындық барысына бұлайша салғырт қарауға болмайды. Атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, нақты шешімдер қабылдау қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.

Мәселені қарау барысында Энергетика министрлігіне жөндеу науқаны мерзімдерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Энергия көздерін жөндеу мерзімдерін ұзарту жағдайлары әлі де жалғасуда. Бұл орындаушылық тәртіптің төмендігі мен іс-шаралардың уақтылы қабылданбағанын көрсетеді. Энергетика министрлігіне әрбір осындай факт бойынша әкімшілік шаралар қабылдауды тапсырамын. Жөндеу науқанының мерзімін бұзған немесе оны созып жүрген басшылардың мәселесін де қарау қажет»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Алматы ЖЭО-2 жаңғырту барысы 94%-ға жетті